Өскеменге «Ұлы экспедиция маршруттарымен» туристік жобасының қатысушылары келді. Ол маршрут Германия, Дания, Қазақстан, Ресей, АҚШ, Франция, Швеция, Жапония елдерін біріктіреді.
Ректораттың кезекті отырысында бес мәселе қаралды. Университет қабылдау комиссиясының жұмысы, оқу орны түлектерін еңбекпен қамту, әскери кафедраға талапкерлерді қабылдау және өзге де мәселелер талқыланды.
Маусымның 10-ынан 15-іне дейін С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Үлбі» КММ әлеуметтік еңбеккерлері «Егде адамдармен, мүгедектермен жұмыс істеу теориясы және технологиялары» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.