С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың құрама командасы елдің 62 жоғары оқу орны қатысқан Х жазғы Универсиада ойындарында 6 жүлделі орынды иеленді. ШҚМУ спортшылары 38 спорт түрінің 15-і бойынша бақ сынасты.
Белгілі отандық археолог З.Самашев облыс әкімі Д.Ахметовті Ұлан ауданы Бестерек ауылынан солтүстікке қарай үш шақырым жерде орналасқан Ақбауыр тауындағы археологиялық ескерткіштерден табылған кезекті сенсациялық жаңалықпен таныстырды.
Таңғы сағат 7-де-ақ С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да орналасқан №78 сайлау учаскесі дауыс берушілерге – университет студенттері мен оқытушыларына, сондай-ақ жақын маңдағы тұрғындарға толы болды.
5-6 маусым күндері әдістемелік жұмыс және іс-тәжірибе бөлімі білім беру бағдарламалары бойынша құзыреттіліктер мен оқыту нәтижелерін құрастыру бойынша жұмыс тобының жетекшісі, педагогикалық білім және менеджмент кафедрасының доценті, Т.В. Паньшинамен бірлесе отырып «Білім беру бағдарламалары бойынша құзыреттіліктер мен оқыту нәтижелерін құрастыру» оқыту семинарын өткізді.
Білім және ғылым министрлігіне қарасты Мемлекет тарихы институтының (Нұр-Сұлтан қ.) жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Қанат Енсенов қазақтың ұлы қолбасшысы Қабанбай батыр туралы келешек кітабына материалдар жинау үшін Шығыс Қазақстанға келді.
2019-2020 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға мемлекеттік тапсырыс 69 256 грант құрайды, оның ішінде бакалавриатқа – 53 785 грант, магистратураға – 13159 грант, PhD докторантураға – 2312 грант бөлінді.
Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) өткізілу форматына қатысты ешқандай өзгерістер болмағанымен, білім беру гранттарын бөлу үрдісіне бірқатар өзгерістер енгізілді.