25.02.2020 «Алтайтану» орталығы мен АлтМУ (Ресей) Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған вебинар өткізеді 26 ақпанда «Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығы Алтай мемлекеттік университетімен (Барнаул қ., Ресей) бірге ұлы ойшылдың 1150 жылдығына орай «Әл-Фараби: әлемдік зияткерлік мәдениеттің дамуына үлес» вебинарын өткізеді. Осы оқиғамен «Гуманизм тарихы: идеядан – іске асыруға» халықаралық вебинарлар циклы басталады. С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығы биыл Шоқан мен Абайға арналған бірқатар халықаралық дискуссияларды жоспарлауда. Ұлы Жеңістің барлық Еуразия халықтары үшін мән-мағынасы туралы трансшекаралық диалог өтпек. Цикл «Назарбаев: әлемді өзгертетін идеялар» вебинарымен аяқталады, онда Елбасының бұрынғы ұлы гуманистердің ойын іске асыруға қосқан үлесі талқыланады. «Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығы View the full image