С. Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледжінде Жас педагог мектебінің кезекті онлайн отырысы өтті, онда сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру, сабақты талдау және өзіндік талдау тақырыбы қаралды.
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті былтырдан бастап педагогикалық қайта даярлау бойынша 21 мамандыққа құжаттарды қабылдауды бастады.
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 2 курс студенті,жиырма жасар Артем Боровиков Ертістің мұзды суына батып бара жатқан қарт әйелді құтқарды.
Ғылыми кеңес отырысында С. Аманжолов атындағы ШҚУ ұжымы университет ректоры М.Ә.Төлегенді «Nur Otan» партиясынан қалалық мәслихат депутаты болып сайлануымен және ЖОО-дағы қызметінің үш жылдығымен құттықтады.
Ғылыми кеңестің отырысы барысында С.Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры М.Ә.Төлеген «ЖОО-ның 2020 жылғы үздік оқытушысы» атағын алған ЖОО оқытушыларын құттықтады.
С.Аманжолов ат.ШҚУ-да «Экономика», «Менеджмент», «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Қаржы», «Құқықтану», «Мемлекеттік аудит» мамандықтарының 1 курс студенттері арасында Қазақстанның әлемдік бастамалары туралы викторина ойыны өтті.
Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы зертханасының "Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарына вирусқа қарсы төзімділік беруге бағытталған инновациялық технологияларды әзірлеу және енгізу" жобасын орындау шеңберінде 2021 жылы Ресей мен АҚШ-қа шетелдік іссапарлар жоспарланған.
С.Аманжолов ат. ШҚУ Ұжымдық қолданыстағы ұлттық ғылыми зертханасына қарасты (ҰҚҰҒЗ) Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы зертханасы жобасының бірінші жылғы қорытындысы шықты.