Акредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) сыртқы сараптама комиссиясы (ССК) жұмысының екінші күнінде комиссия оқытушылармен, білім алушылармен, жұмыс берушілермен кездесті.
Сондай-ақ, оқытушылар мен білім алушылардан сауалнама алынды.
Комиссия мүшелері кафедраларды аралап, емтихандарға қатысты.
Сарапшылар №1 оқу ғимаратында да (ғылыми кітапхана, оқытушылар мен магистранттарға арналған оқу залы, сирек кітаптар қоры, электронды оқу залы, университет мұражайы, спорт залы, Б. Бажанов атындағы табиғат музейі, гербарий кабинеті, геология кабинеті) болды.
Комиссия, сонымен қатар, №4 Студенттер үйіне, «Parasat» орталығына, №7 және №9 оқу ғимараттарына барды.
Естеріңізге салар болсақ, бірінші күні Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігінің сыртық сараптама комиссиясы жоғары оқу орны ректорымен, проректорларымен, құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен, аккредиттелуші білім беру бағдарламалары жетекшілерімен кездесу өткізген болатын.
Баспасөз қызметі