16.11.2019 «Ashyq suhbat» бағдарламасында Есболат Айдабосын қонақ болды Аманжолов атындағы ШҚМУ «Altai jastary» телерадио кешенінің «Ashyq suhbat» бағдарламасында жазушылар және журналистер одақтарының мүшесі, «Алтын қалам», «Алтын тобылғы» әдеби сыйлықтарының иегері Есболат Айдабосын қонақ болды. Сұхбатта тележурналист қазіргі журналистикаға қатысты пікір білдіріп, басынан өткен қызықты оқиғаларымен бөлісті. Журналист болу үшін әдемі жүздің аз екенін, үздіксіз оқып, талмай іздену керектігін айтты. – Журналист әрқашан салқынқанды болуы тиіс. Екі тараптың да айтқандарын тыңдап, қажетті мәліметтерді жинаған соң ғана жазуы керек. Эмоцияға беріліп, бір жақты қолдап кетсе, объектівтілігінен айырылуы мүмкін. Сондықтан бұл салада оттай сезімнен мұздай ақылдың жоғары тұрғаны жөн, – деді Есболат Айдабосын. Сұхбат қызықты өтіп, студенттер тұщымды ой түйіп, маңызды мағлұматтар алды. Кездесу соңында журналист тілек кітапшасына лебізі мен қолтаңбасын қалдырды. Әділ Әуезханов, журналистика мамандығының 4 курс студенті View the full image View the full image