19.09.2016 Дулат Бабатайұлының шығармашылығына арналған дөңгелек үстел өтті Ағымдағы жылдың 16-шы қыркүйегінде Өскемен қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ №2 кітапханасында ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында ғұмыр кешкен кемел ақын Дулат Бабатайұлының шығармашылығына арналған «Атамның қоған қонысы» атты дөңгелек үстел өтті. Аталған шараға аға оқытушы Г.Ә.Апышеваның жетекшілігімен «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының бірінші және үшінші курс студенттері белсене қатысты. Дарынды тұлғаның шығармашылығына арналған отырыс барысында Дулаттану ғылымының өзекті мәселелері көтеріліп, студенттер өз ой-пікірлерін ортаға салды. Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы View the full image View the full image View the full image