13.09.2019 Экономика және құқық факультетінде гуманитарлық ғылымдардың даму үдерістері бойынша секция отырысы өтті С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың №9 оқу ғимаратында «Гуманитарлық ғылымдардың дамуындағы заманауи тенденциялар» атты секциялық отырыс өтті. 11 қыркүйекте ШҚМУ-да Ұлттық Ғылым академиясының академигі, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың құрметті ректоры, Қазақстан Республикасы ғылымының еңбек сіңірген қайраткері, профессор Е. Мәмбетқазиевке арналған «Іргелі ғылыми зерттеулер: химиялық ғылым мен білім берудегі инновациялар» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының «Гуманитарлық ғылымдардың дамуындағы заманауи тенденциялар» атты секциялық отырысы өтті. Конференция спикерлері қаржы және есеп кафедрасының профессоры, э.ғ.к. Х. Шолпанбаева, экономика және басқару кафедрасының оқытушысы Е. Домалатов болды. Бағдарлама бойынша 17 баяндама ұсынылып, оның 13-і тыңдалды. Отырыс қорытындысы бойынша үздік баяндамалар университет ректорының алғыс хатымен марапаттауға ұсынылды. Олар – «Философия» мамандығының магистранты А. Ыбырайұлының «Суфизм және ондағы адам түсінігі, философиялық талдау» баяндамасы (ғылыми жетекшісі: Е. Сейтембетов), «Қаржы» мамандығының 2 курс студенттері А. Кажытаев пен Ф. Ноғаевтың «Этапы управления инвестиционной деятельностью на предприятии» баяндамасы (жетекшісі: А. Рахметова), «Есеп және аудит» мамандығының 4 курс студенттері М. Зәкірова мен Е. Ярковтың «Анализ инвестиционных проектов в условиях инфляции» баяндамасы (жетекшісі: Ә. Апышева), «Қаржы» мамандығының 3 курс студенті Б. Әбенованың «Аудит инвестиций как инструмент анализа и управления» баяндамасы (жетекшілері: Л. Белоусова, Х. Шолпанбаева). Отырыс соңында академик Е. Мәмбетказиевтің әріптесі, экономика және басқару кафедрасының доценті, э.ғ.к. Ғ. Қойшинова және шәкірті, деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Асубаева академикпен бірлескен жұмыстары туралы естеліктерімен бөлісті. Доцент Х. Шолпанбаева, оқытушы Е. Домалатов View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image