03.09.2019 «G-Global» алаңындағы экономикалық және құқықтық зерттеу орталығында ҚР Президентінің Жолдауы талқыланды 2019 жылдың 3 қыркүйегінде «G-Global» алаңындағы экономикалық және құқықтық зерттеу орталығында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты бірінші Жолдауы талқыланды. Талқылауға экономика және басқару кафедрасының ПОҚ, кураторлары, студенттер мен магистранттары қатысты. Экономика және басқару кафедрасының меңгерушісі Т.А. Абылайханова және кафедраның аға оқытушысы Е.Б. Домалатов Жолдаудың негізгі мақсат, бағыттарымен таныстырды. Жолдауды ұжымдық талқылау әрбір адамға мемлекеттік экономикалық саясаттың мағынасын, ортақ күш-жігермен болашақты құру, қиындықтарды еңсеру және өмір сүру сапасын арттыру үшін мемлекеттің болашаққа арналған мақсаттары мен міндеттерін жеткізуге көмектеседі. Талқылау барысында қатысушылар Жолдаудың маңызы мен ерекшелігін атап өтті. Талқылау диалогтық алаң түрінде өтті, қатысушылар Жолдаумен танысу барысында алған өз пікірлерімен және әсерлерімен белсенді бөлісті. «G-GLOBAL» алаңындағы экономикалық және құқықтық зерттеу орталығы View the full image View the full image