03.06.2019 Облыстық сотта заңгерлерді дайындау мәселесіне қатысты семинар өтті Облыстық сотта «Жоғары оқу орнында білім алу кезінде заңгердің кәсіби дағдылары қалыптасуының өзекті мәселелері» ғылыми-әдістемелік семинары болып өтті. Семинарды ШҚО бойынша Соттар әкімшісі мен С. Аманжолов атындағы ШҚМУ қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу кафедрасы ұйымдастырды. Басқосуға С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры, профессор Мұхтар Төлеген, ШҚО бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Ерғали Айтпай, сот мамандары, университет оқытушылары мен студенттері қатысты. ШҚМУ ректоры және оқытушылар заңтану мамандығы студенттерін іс-тәжірибеге бағыттап оқытудың әдіс-тәсілдері туралы айтып берді. – Бұл оқытудың нәтижелері жоқ емес. Айталық, «Атамекен» палатасы жүргізген рейтинг бойынша ШҚМУ-дың заңтану мамандығы 2018 жылы 64 оқу орны ішінен 6 орын алды, – деді М. Төлеген. Семинар соңында Облыстық сот төрағасы мен Соттар әкімшісі басшысының атынан ШҚМУ оқытушылары мен студенттеріне алғыс хаттар табысталды. Баспасөз қызметі View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image