25.11.2019
Өнер мұражайы мен ШҚМУ Фариза Оңғарсынова мен Әбіш Кекілбаевқа арналған кеш өткізді
Өнер мұражайы мен ШҚМУ-дың «Шабыт» студенттер театры Фариза Оңғарсынова мен Әбіш Кекілбаевтың мерейтойларына арналған әдеби-сазды кеш өткізді.
Өскемен қаласындағы Өнер мұражайы мен С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Шабыт» студенттер театры бірлесе отырып, жыр падишасы Фариза Оңғарсынова мен заңғар жазушы Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдық мерейтойларына арналған әдеби-сазды кеш өткізді.
Тағылымы мол іс-шарада ұлы тұлғалардың туындыларынан үзінділер оқылып, әннен шашу шашылды.
Баспасөз қызметі