18.10.2016 «Рухани келісім – Тәуелсіз Қазақстанның басты жетістігі» Қазақстанда Рухани келісім күні жыл сайын кең көлемде және салтанатты түрде аталып өтуде. Бұл дәстүр Елбасының бастамасымен Алматы қаласында 1992 жылы өткен Әлемдік Рухани Келісім Конгрессінің алғашқы сессиясынан басталды. Конгресстің ашылу күні, яғни 18 қазан – Әлемдік Рухани Келісім, араздастық пен қақтығыстарға мораторий күні, татуласу жолдарын іздеу, адамдар арасында келісім орнату, мейірімділік күні деп аталды. Аталған «дөңгелек үстелді» өткізудің негізгі мақсаты конфессияаралық келісімді және діни толеранттылықты, сонымен қатар рухани келісімді насихаттауды нығайту. Кездесу шеңберінде діни ұйымдардың жетекшілері конфессияаралық келісімді нығайтуға және қоғамдық-саяси тұрақтылыққа қосқан үлесі үшін мақтау қағаздарымен марапатталады. Ұйымдастырушы: ШҚО Дін істері басқармасы. Модератор: ШҚО әкімінің орынбасары Ж.Омар. Қатысушылар: діни бірлестіктер, этномәдени, қоғамдық бірлестіктер өкілдері, мемлекеттік мекемелердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары Өткізілу орны: Өскемен қаласы, Д.Серікпаев атындағы ШҚМТУ, әкімшілік корпус (Протозанов көш., 69), мәжіліс-залы, 2 қабат. Өткізілу күні, уақыты: 18 қазан, сағат – 11.00. 18 қыркүйек күні қалалық рухани келісім Форумы және рухани музыка және поэзия кеші өтеді. Іс-шара шеңберінде алдыңғы қатарлы діндердің сирек кездесетін кітаптары, иконалар көрмесін ұйымдастыру жоспарланып отыр. Басталуы сағат 16.00. С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері мен оқытушылары шақырылады. Баспасөз қызметі View the full image