23.04.2020 ШҚМУ-да барлық факультеттердің белсенді студенттерімен онлайн-кездесу өтті Тәрбие жұмысы және әлеуметті мәселелер бөлімінің кезекті кеңесі, сондай-ақ барлық факультеттердің белсенді студенттерімен онлайн-кездесу өтті. Кеңесте іс-шараларды онлайн өткізудің форматтары талқыланып, бөлімнің айлық жұмыс жоспары құрылды. Бөлім қызметкерлері «ШҚМУ аруы» байқауының өту барысы, Жеңіс күніне арналған акциялар өткізу бойынша есеп берді. Бірнеше онлайн-кездесу жоспарланды. Студенттер белсенді жастармен күнделікті тікелей эфир өткізу, Бірлік күніне бейнечеллендж ұйымдастыру сынды идеяларын ортаға салды. Алдағы уақытта мұндай кеңестер мен кездесулер тұрақты өтіп тұратын болады. Р. Абдрасулин, тәрбие жұмысы және әлеуметті мәселелер бөлімінің басшысы View the full image View the full image View the full image View the full image