01.09.2016 ШҚМУ-да білім күні өтті С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да жарқын сәттерге толы білім күні өткізілді. Мерекелік іс-шаралар «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша және Моңғолиядан келген 1 курс студенттерін қарсы алудан басталды. Студенттермен кездесу барысында университеттің стратегиялық даму және ғылыми жқмыстар бойынша проректоры Ердембеков Б.А. және «Серпін - 2050» штабының жетекшісі Байжұманов Л.Т. студенттерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Сонымен қатар, № 1 оқу ғимаратының алдындағы алаңда «ШҚМУ-ғы білім күні» салтанатты жиыны өтті. – Бүгін, қазақ халқының белгілі тұлғасы, академик, ғалым-тілтанушы, жерлесіміз Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті бірінші курс студенттері үшін өзінің есігін айқара ашты. С. Аманжолов атындағы ШҚМУ аймағымыздағы жаратылыстану-гуманитарлық білім беру саласының үздігі болып табылады. Біз университетіміздің түлектері мен студенттерін мақтан тұтамыз. Білім күні – бұл қымбатты педагогтар мен университеттің барлық ұжымы үшін үлкен мереке. Университеттің үздік түлектері, магистрлері PHD-докторантура бағдарламасы бойынша білімдерін жалғастыруда. – Құрметті бірінші курс студенттері! Біз шын жүрегімізден сіздерді үлкен өмірге қадам басуларыңызбен құттықтаймыз. Бүгіннен бастап сіздер университетіміздің өміріне араласып, 4 жылда белсенділік танытып, ойлаған жоспарларыңызды іске асыра аласыздар. Сондай-ақ, тарих, филологя және халықаралық қатынастар факультетінің, психология, педагогика және мәдениет факультетінің, жаратылыстану және технологиялар факультетінің, экономика және құқық факультеттерінің декандарымен бірге 1 курс студенттері Декан сағатын өткізіп, университет мұражайы мен ШҚМУ ғылым кітапханасымен танысты. Ал, кешкісін студенттерге арналып VKGU party шарасы ұйымдастырылады деп жоспарлануда. Баспасөз қызметі View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image