25.09.2019 ШҚМУ-да діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары басталды С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің таралуының алдын алу мақсатында облыстық дін басқармасы мамандары қатысатын ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының кестесі бекітілген. Университетте студенттердің ішкі тәртіп, ар-намыс кодексі, өз құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат алуына аса көңіл бөлінеді. Осы орайда Тарих, филология және халықаралық қатынастар, Жаратылыстану және технологиялар факультеттерінің студенттерімен кездесу ұйымдастырылды. Дін істері басқармасының маманы Мәнсия Амринова бүгінде теріс діни ағымдардың интернет арқылы таралуда екенін атап өтті. Интернетте діни ақпараттар теріс идеологияны насихаттап, жастардың ой-түсінігін өзгертіп, саналарына өзге ойды салады. Іс-шарада студенттер оқу орнында орамал тағып жүрудің қаншалық заңды екені, сабақ уақытында мешітке бару, дін мен дәстүрді айырмау, діни сауатсыздық қаншалық қиындықтар алып келетіні туралы білді. Өз кезегінде жастар университеттегі клубтарға қатысып, өздерін жан-жақты дамытып, білімдерін шыңдап жүргендерін айтып, болашақ жоспарларымен бөлісті. Іс-шара соңында студенттерге ақпараттық парақшалар таратылды. Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлім View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image