05.07.2019
ШҚМУ-да дәріс оқу үшін алты елдің ғалымдары тартылды
Жоғары оқу орнындағы білім сапасын арттырудың бір бағыты дәріс оқуға шетелдік ғалымдарды тарту болып табылады.
Осы оқу жылында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да дәріс оқуға Ресей, Польша, АҚШ, Түркия, Украина, Оңтүстік Корея елдерінің ғыламдары тартылды.
Шетелдік студенттерді тартуға келер болсақ, бүгінде университетте 125 шетелдік студент білім алуда. Олар – Ресей, Моңғолия, Қытай, Оңтүстік Корея, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан елдерінің азаматтары.
Баспасөз қызметі