26.11.2019 ШҚМУ-да филолог студенттерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие сағаты өтті 25 қазан күні С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың филолог студенттерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие сағаты өткізілді. С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2-курс студенттерімен «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» тақырыбында ашық тәрбие сабағы өткізілді. Іс-шараның өткізілу мақсаты студенттерге «Сыбайлас жемқорлық» ұғымы, алдын алу жолдары жайлы түсінік қалыптастырып, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарауға және адалдыққа тәрбиелеу. Аталған іс-шарада студенттер өз ойларын ортаға салып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру жолдарын бірге қарастырды. Тәрбие сағаты дебат форматында өткізіліп, үздік ой-пікір иегерлері алғыс хаттармен марапатталды. Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы View the full image View the full image View the full image View the full image