27.06.2019 ШҚМУ-да Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Ғылыми кеңесі отырысында тоғыз мәселе қаралды. Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Д. Ерболатұлы факультеттердегі оқу-әдістемелік жұмысты 2016-2019 жылдарға арналған білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жетілдіру туралы баяндама жасады. Академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінің директоры И. Стеблецова 2019-2020 жылдарға арналған модульдік білім беру бағдарламаларының бекітілуі туралы ақпарат берді. Сондай-ақ, босаған білім гранттарын тағайындауға үмітті ақылы негізде білім алушылар тізімінің министрлікке ұсынылғаны, МАК төрағасының бакалавриат, магистратура, докторантура мамандықтары бойынша есебінің бекітілгені туралы хабарлады. Оқу үрдісін ұйымдастыру және бақылау бөлімінің басшысы Н. Сәдірбекова 2019-2020 оқу жылының бірінші жартысына Президент шәкіртақыларын тағайындау туралы, мұнымен қоса оқу пәндері бойынша емтихандар формаларының бекітілуі туралы ақпарат берді. Ғылыми кеңес шешімдерінің орындалуын бақылау жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы М. Мадияровбұрындары қабылданған шешімдердің іске асырылуы туралы баяндады. Ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар бойынша департамент директоры С. Ковалев монографияларды жариялау бойынша ұсыныстар берді, ал ғылыми хатшы А. Есқалиев Ғылыми кеңестің және ректораттың 2019-2020 оқу жылына арналған жұмыс жоспарының бекітілгені туралы мәлімдеді. Толық ақпарат - жаңалықтар таспасында! Жаңалықтарды қалт жібермеңіз! Баспасөз қызметі View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image