22.04.2020 ШҚМУ-да ғылыми-техникалық кеңестің отырысы өтті С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Ғылыми-техникалық кеңестің кезекті онлайн отырысы өтті. Кездесуге ҒТК мүшелері мен ШҚМУ Жоғары колледжінің директоры С. Өтепов қатысты. Стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор И.В. Ровнякованың төрағалығымен өткен ғылыми-техникалық кеңестің күн тәртібінде келесі сұрақтар қаралды: «Ғылым және шығармашылық аптаның қорытындылары туралы», «Ғылым граниті 2020» жобалар байқауын өткізу», «Беттік инженерия және трибология» ғылыми-зерттеу орталығының онлайн режимдегі қызметі туралы», «Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығының жоспарларын іске асыру және даму перспективалары туралы», «2020-2022 жылдарға арналған жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландыру байқауының нәтижелері туралы», «Монографияларды талқылау және ұсыну». Ғылыми-техникалық кеңес отырысының қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып, ұсыныстар берілді. ҒЗЖ ұйымдастыру бөлімі View the full image