27.11.2019 ШҚМУ-да инклюзивті білім беру бойынша коуч-семинар өтті С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Зияткер» ғылыми-білім беру орталығында «Инклюзивті білім беру педагогының кәсіби санасын қайта құру» коуч-семинары өтті. Семинарды «Зияткер» ҒБО мамандары мен психология және коррекциялық педагогика кафедрасының оқытушылары ұйымдастырды. Іс-шараға Өскемен, Семей, Риддер қалалары, Ұлан, Көкпекті аудандары арнайы коррекциялық және жалпы білім беретін мекемелерінің өкілдері, дефектология мамандығының студенттері, магистранттары қатысты. Семинарда «Ақ ниет» мектеп-интернатының директоры Светлана Кривицкая, №26 орта мектептің директоры Жәзира Мұқашева, «Ақ ниет» мектебінің мұғалімі Бибінұр Мемежинова және басқалар сөз алды, олар мүмкіндігі шектеулі балаларға білім берудің ерекшеліктеріне мән бере отырып, жаңа әдістер мен амал-тәсілдерді үйретті. Іс-шараның екінші бөлігінде түрлі тақырыптарды қамтыған шеберлік сабақтары өткізілді. Қатысушылар өз ұсыныстарын ортаға салып, олар семинардың жалпы қарарына енгізілді. Бұл семинар осымен төртінші жыл қатарынын өткізіліп отыр. Жылдан-жылға қатысушылар саны көбейіп келеді. Баспасөз қызметі View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image