С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Зияткер» ғылыми-білім беру орталығында «Инклюзивті білім беру педагогының кәсіби санасын қайта құру» коуч-семинары өтті.
Семинарды «Зияткер» ҒБО мамандары мен психология және коррекциялық педагогика кафедрасының оқытушылары ұйымдастырды.
Іс-шараға Өскемен, Семей, Риддер қалалары, Ұлан, Көкпекті аудандары арнайы коррекциялық және жалпы білім беретін мекемелерінің өкілдері, дефектология мамандығының студенттері, магистранттары қатысты.
Семинарда «Ақ ниет» мектеп-интернатының директоры Светлана Кривицкая, №26 орта мектептің директоры Жәзира Мұқашева, «Ақ ниет» мектебінің мұғалімі Бибінұр Мемежинова және басқалар сөз алды, олар мүмкіндігі шектеулі балаларға білім берудің ерекшеліктеріне мән бере отырып, жаңа әдістер мен амал-тәсілдерді үйретті.
Іс-шараның екінші бөлігінде түрлі тақырыптарды қамтыған шеберлік сабақтары өткізілді.
Қатысушылар өз ұсыныстарын ортаға салып, олар семинардың жалпы қарарына енгізілді.
Бұл семинар осымен төртінші жыл қатарынын өткізіліп отыр. Жылдан-жылға қатысушылар саны көбейіп келеді.
Баспасөз қызметі