С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да сәуірдің 8-інен 10-ына дейін жүргізілген институционалды аккредиттеу комиссиясы жұмысының үшінші күні сыртқы сараптама тобы (ССТ) мүшелері іс-тәжірибе базаларына барды.
Сарапшылар ШҚМУ-дың практика базаларында – Назарбаев зияткерлік мектебінде, Жас техниктер стансасында, облыстық тарихи-өлкетану мұражайында, Оқу-өндірістік комбинатында, «ТехноАналит» ЖШС-де, оқу-зерттеу экобиоорталығында, Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінде, Жамбыл гиназиясында.
Аккредиттеудің үшінші күні ЖОО ректоратымен болған қорытынды кездесумен аяқталды.
Естеріңізге салсақ, алғашқы күні, Сыртқы сараптама тобының мүшелері Бақылау кеңесі мүшелерімен, ректормен, проректорлармен кездесіп, №5 оқу ғимаратын аралап шықты. Сондай-ақ, ССТ мүшелері құрылымдық бөлімшелер басшыларымен, студенттермен, оқытушылармен, магистранттармен, докторанттармен жүздесіп, №4 және №5 Студенттер үйлерінде, «Рухани жаңғыру», «Назарбаевтану», «Зияткер» орталықтарында, ШҚО білім музейінде, Біліктілікті растау орталығында, «Altai jastary» медиаорталығының телестудиясында, SANALY URPAQ фронт-офисінде болды.
Екінші күні ССТ мүшелері декандармен, кафедра меңгерушілерімен, жұмыс берушілермен және түлектермен кездесті, сондай-ақ №1, 7, 8 оқу ғимараттарына барып, сабақтарға қатысты.
Аккредитация кезінде сарапшылар құжаттарды тексерді, оқу ғимараттарын, инфрақұрылым нысандарын аралап көрді.
Баспасөз қызметі