15.07.2019 ШҚМУ-да қабылдау комиссиясының жаңа форматтағы фронт-кеңсесі ашылды С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да оқу орнының ректоры Мұхтар Төлегеннің бастамасымен қабылдау комиссиясының жаңа формат бойынша жұмыс істейтін фронт-кеңсесі ашылды. Қабылдау комиссиясының фронт-кеңсесі талондық жүйе арқылы электронды «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Келуші талон алып, хатшыға құжаттарын тапсыру үшін кезек күтеді, талон нөмірі таблода көрсетіледі. Күту залында талапкерлер мен ата-аналар кеңесшілерден керекті ақпарат ала алады. Келушілерге ыңғайлы болу үшін барлық жағдайлар жасалған: залға ауа баптағыштар, ауыз су құйылған кулерлер, телефондарды қуаттағыш құрылғылар орнатылған, сонымен қатар теледидар арқылы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ туралы бейнероликтер көрсетіліп тұрады. Жаңа ыңғайлы әрі түсінікті жүйе кезекті ұзақ күтуді, кабинеттер арасындағы артық сабылуды жойып отыр. Қабылдау комиссиясының фронт-кеңсесін ашқан С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры талапкерлерге сәттілік тіледі. Баспасөз қызметі View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image