№5 оқу ғимаратында ректор жанындағы кеңес өтіп, оған барлық факультеттер мен құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері қатысты, жиында төрт мәселе қаралды.
Кеңестің күн тәртібінде қаралған мәселелер: ЖОО-ның институционалдық аккредитацияға дайындығы (СД және ҒЖ жөніндегі проректор И.В.Ровнякованың ақпараты), Өскемендегі кәсіптік бағдарлау жұмысының қорытындысы (Маркетинг, мансап және еңбекпен қамту орталығы жетекшісінің міндетін атқарушы А.А. Сақтаева), Ұжымдық пайдаланудағы ұлттық ғылыми зертхананың ғылыми-техникалық әзірлемелерін коммерцияландыру (ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі басшысының міндетін атқарушы М.Б. Әбілев), қосымша білім беру қызметтерін көрсету бойынша 2019-2021 жылдарға арналған индикативті жоспар әзірлемесі (СД және ҒЖ жөніндегі проректор И.В. Ровнякова).
Пресс-служба