01.11.2019 ШҚМУ-да ШҚО мектеп мұғалімдеріне арналған біліктілік арттыру курстары аяқталды С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Интербелсенді тақтаны қолдану арқылы жаратылыстану-ғылыми пәндер циклі бойынша дидактикалық материалдарды әзірлеу» бағытының 1-ші ActivInspire бөлімі бойынша облыс және қала мектеп мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курстары аяқталды. Курстар 28 қазаннан 1 қарашаға дейін өтіп, 36 сағатты құрады. Курсты физика кафедрасы ШҚМУ-дың Кәсіби дайындық және біліктілікті арттыру ресурстық орталығымен бірге ұйымдастырды. Келер жылдың қаңтарында курстың жалғасы – 36 сағаттық 2-ші ActivStudio бөлімі өтеді. Курстар біткен соң тыңдаушылар сертификаттар алады. Физика кафедрасы View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image