20.09.2019 ШҚМУ-да заңгер-студенттер үшін ойын түріндегі сот процесі өтті С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да заңтану мамандығы студенттерінің қатысуымен ойын түріндегі сот процесі өткізілді. С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу кафедрасы «Цивилист» үйірмесінің жұмысы аясында заңтану мамандығының 4 курс студенттерінің қатысуымен азаматтық процессуалдық құқық бойынша ойын түріндегі сот процесі өткізілді. Шартты сот процесінің тақырыбы – «Бірінші инстанциядағы сотта азаматтық істерді қарау». Ойын түріндегі отырысты «Цивилист» үйірмесінің жетекшісі, кафедра доценті, з.ғ.к. Марианна Ивановна Дячук ұйымдастырды. Баспасөз қызметі View the full image View the full image View the full image