20.09.2019
ШҚМУ-да заңгер-студенттер үшін ойын түріндегі сот процесі өтті
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да заңтану мамандығы студенттерінің қатысуымен ойын түріндегі сот процесі өткізілді.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу кафедрасы «Цивилист» үйірмесінің жұмысы аясында заңтану мамандығының 4 курс студенттерінің қатысуымен азаматтық процессуалдық құқық бойынша ойын түріндегі сот процесі өткізілді.
Шартты сот процесінің тақырыбы – «Бірінші инстанциядағы сотта азаматтық істерді қарау».
Ойын түріндегі отырысты «Цивилист» үйірмесінің жетекшісі, кафедра доценті, з.ғ.к. Марианна Ивановна Дячук ұйымдастырды.
Баспасөз қызметі