11.07.2019 ШҚМУ-да жаңа оқу жылынан бастап «Қоғамға қызмет ету» атты жаңа пән енгізіледі С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың барлық білім беру бағдарламаларында бүгінде «Қоғамдық сананы жаңғырту» пәні оқытылады, ал жаңа оқу жылынан бастап «Қоғамға қызмет ету» жаңа пәнін енгізу жоспарлануда. С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың білім беру үрдісінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы оқу процесіне «Жаңа гуманитарлық білім. 100 жаңа оқулық» бағдарламасы аясында қазақ тіліне аударылған оқулықтарды енгізу арқылы іске асырылуда. Аталмыш бағыттағы жұмыс түрлі аспектілердегі қызметті қарастыра отырып әзірленген алгоритмге сәйкес жүргізіліп келеді. Мұнымен қатар, «Қазақстанның заманауи тарихы», «Өлкетану», «Философия», «Әлеуметтану», «Саясаттану», «Психология», «Мәдениеттану» және өзге де әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің мазмұндары жаңартылды. Баспасөз қызметі View the full image View the full image View the full image View the full image