Жаңа оқу жылында лицензиясы бар 12 білім беру бағдарламасын енгізу жоспарлануда және 11 білім беру бағдарламасы бойынша ЖОО бұрындары дайындықты іске асырмаған жаңа бағыттарға лицензия алу үшін құжаттар әзірленген.
2019-2020 оқу жылынан іске асырылатын 12 білім беру бағдарламасының тізімі:
Бакалавриат:
6В01511 – Математика-Информатика
6В01512 – Биология-жаратылыстану
6В03102 – Мәдениеттану
6B03105 – Клиникалық психология
6В05304 – Химиялық криминалистикалық сараптама.
Магистратура:
7М01702 – Орыс тілі мен әдебиеті
7М04105 – Менеджмент
7M05303 – Ядролық физика.
Докторантура:
8D01502 – Физика
8D04102 – Қаржы
8D01506 – География
8D01505 – Биология.
2019-2020 оқу жылында іске асыру жоспарланып отырған 11 білім беру бағдарламасының тізімі:
Бакалавриат:
6В02201 – Философия
6В02202 – Тарих
6В02203 – Археология және этнология
6В08501 – Аграрлық техника және технологиялар
6В09101 – Ветеринарлық медицина.
Магистратура:
7M07201 – Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы.
Докторантура:
8D01101 – Педагогика және психология
8D01301 – Педагогика және бастауыш білім беру әдістемесі
8D05101 – Биология
8D04201 – Құқықтану
8D06101 – Информатика.
Қазіргі кезде 6 бағдарлама бойынша құжаттар Е-лицензиялау порталына жүктелген. Ең саны көп жаңа бағдарламалар Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетіне тиесілі (46,6%).
– Факультеттер декандары, кафедралар мен бөлімдер меңгерушілері құжаттарды Е-лицензиялау порталына ұсынуды аяқтауы қажет, – деді Ғылыми кеңес отырысында оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Д. Ерболатұлы. – Мұнымен қатар, қолданыстағы бағдарламалардың өзекітілігіне, тиімділігіне, сұранысына мониторинг жүргізіп отыру керек және олардың қайталануын болдырмау үшін кіріктіру мүмкіндігін қарастырған жөн.
Баспасөз қызметі