30.12.2019 ШҚМУ-да Жұмаш Уәлиев атындағы шәкіртақыны тағайындау байқауы тәмамдалды С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Жұмаш Кәрімұлы Уәлиев атындағы шәкіртақыны тағайындау байқауы тәмамдалды. 13 үміткер байқаудың екінші кезеңіне шақырылып, №1 оқу ғимаратында өздерінің ғылыми жетістіктерін қазылар назарына ұсынды. Естеріңізге сала кетейік, Жұмаш Кәрімұлы Уәлиев атындағы шәкіртақы студенттің ғылыми және шығармашылық, ең бастысы, оқудағы қызметін ынталандыру, Жұмаш Кәрімұлы есімін мәңгілік ету мақсатында тағайындалады. Ай сайын бір оқу семестрі бойы 25 000 теңге көлемінде беріледі. Шәкіртақы байқауының жеңімпазын анықтау байқау комиссиясына оңай тиген жоқ, үміткерлер арасындағы бәсеке қызу өтті. Байқауды барынша әділ өткізу мақсатында тәуелсіз сарапшылар да шақырылған еді, олардың қатарында: И.В. Ровнякова - СД және ҒЖ жөніндегі проректор, п.ғ.к., доцент, төраға, М.Б. Абилев - ҒЗЖ ұйымдастыру бөлімінің бастығы, төраға орынбасары, М.О. Мұстафина - «PARASAT» студенттерге көмек көрсету орталығының бастығы, комиссия мүшесі, Р.О. Абдрасуллин - Тәрбие жұмысы және әлеуметтік сұрақтар бөлімінің жетекшісі, комиссия мүшесі, Қ. Жексембаев - Студенттер кәсіподағының төрағасы, комиссия мүшесі, Ш.Х. Найзабаева - ҒЗЖ ұйымдастыру бөлімінің маманы, хатшы. Ұзақ талқылаудан кейін 2019-2020 оқу жылының екінші семестріне арналған Уәлиев атындағы шәкіртақының иегері атануға «Психология» мамандығының 3 курс студенті Әли Нұрланұлы Құсамбаев лайық деп табылды. Әлиді жеңісімен құттықтаймыз! Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image