24.06.2020 ШҚМУ-де «Информатика» пәнінің түлектерімен кураторлық сағат өтті С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының «Информатика» мамандығының бітіруші студенттерімен кураторлық сағат өткізілді. Кураторлық сағатт ZOOM платформасында онлайн режимде өтті. 4Д тобының кураторы - кафедраның аға оқытушысы, PhD Садвакасова А.К. Ұлттық біліктілік тестілеуден өту, оның артықшылықтары туралы түсіндірді. Сонымен қатар тестілеуден өтуге қызығушылық білдірген түлектерге Өскемен қаласында «Ustudy» аймақтық тестілеу орталығында өтуге болатындығы айтылды және келесі ақпаратпен таныстырылды: білім беру ұйымдарында қызмет атқаратын педагогтарды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары; СКТ-ға тіркеу жөніндегі нұсқаулық. КҮжАТ кафедрасы View the full image View the full image