23.09.2019 ШҚМУ-дың 15 оқытушысы халықаралық үлгідегі СЕРТ сертификатына ие болды Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар, Экономика және құқық, Тарих, филология және халықаралық қатынастар, Психология, педагогика және мәдениет факультетерінің 15 мұғалімі CEPT (Cambridge English Placement Test) тестін сәтті тапсырды. CEPT (Cambridge English Placement Test) – шет тілдерін меңгеру деңгейлерінің жалпы еуропалық шкаласына сәйкес ағылшын тілін білу деңгейін анықтайтын халықаралық on-line тест. Тест қорытындысы бойынша ағылшын тілін меңгерудің келесі деңгейлері анықталды: А1 – 2 оқытушы, А2 – 8 оқытушы, В1 – 5 оқытушы. Еске салсақ, «Тіл әлемі» көптілді білім беру орталығында IELTS халықаралық емтиханына дайындық тобы ашылды. IELTS тобына қабылдау ашық. CEPT/IELTS-ке дайындық және оларды тапсыру бойынша толық ақпарат алу үшін «Тіл әлемі» орталығына хабарласуларыңызды сұраймыз. «Тіл әлемі» көптілді білім беру орталығы View the full image View the full image View the full image