С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Әбубәкір Мәрлен (2 курс студенті) мен Экономика және құқық факультеті Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Әділ Қанабаев (3 курс студенті) ресейлік әріптестерімен байланыстарды нығайтуда.
Шығыс Қазақстанның белсенділері Қостанайда өтіп жатқан Қазақстан мен Ресей жастарының форумына қатысуда.
Қазақстандық және ресейлік белсенділер талқылауының басты тақырыбы еріктілер қозғалысының болашағы болды. Бүгінгі таңда еріктілер қозғалысы елдеріміздің аумағында кең өріс алып келеді. Сондықтан форумға өз тәжірибесімен бөлісуді және жаңа дүниелерді танып-білуді ниет еткен мыңдаған жастар жиналды.
ШҚМУ Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Әбубәкір Мәрлен атап өткендей, іс-шара Қазақстанның дамуында маңызды рөл атқарады, себебі ел болашағы жастарға байланысты.
ШҚМУ-да «Мейірім» еріктілер қозғалысы жұмыс істейді, оның мүшелері мұқтаждарға тегін көмектесуге тырысады.
«Волотерлық – әлемдік тренд» тақырыбындағы пленарлық пікірталаста делегаттар сала мамандарынан әлеуметтік, медициналық, корпоративтік волонтерлық туралы ақпарат алды. Ақпарат және қоғамдық келісім министрі Дәурен Абаев сөз сөйлеп, форумның маңызын ерекше атап өтті.
– Мақсатымыз – студенттерге университеттегі еріктілер қозағылысының маңызын түсіндіру. Жиында еліміздің ғана емес, сондай-ақ Ресейдің жастарымен де тәжірибе алмасуға мүмкіндік туды. Жас ұрпаққа дұрыс бағыт беру үшін барлық жағдай жасалуда, – дейді Әділ Қабанбаев.
Қазіргі кезде Шығыс Қазақстандағы 7 жоғары оқу орнында және 57 орта арнаулы оқу орнында еріктілер командалары құрылған. Облыста барлығы 2265 волонтер бар.
Қозғалыстар тек қалаларда ғана емес, аудандарда да дамуда. Айталық, Алтай ауданында «Еріктілер мектебі» жобасы іске асырылған болатын.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың