20.11.2019 ШҚМУ-дың жас ақындары жүлделі орындарға ие болды С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың жас ақындары А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада өткен жерлес ақын Ақтан Нұрбаевты еске алуға арналған жас ақындар мүшәйрасында жүлделі орындарды жеңіп алды. Ақтан Нұрбаев 1926 жылы 27 мамырда Қатонқарағай ауданы, Берел ауылында дүниеге келген. Облыстық, аудандық газеттерде 40 жылға жуық өлеңдерін жариялап, жергілікті ақындармен айтыс өткізген екен. Жастар шығармашылығын қолдау мақсатындағы мүшәйраға «Восток Агрохолдинг» ЖШС демеушілік жасады. Байқау талабы бойынша 29 жасқа дейінгі ақындар қазылар алқасына бұрын жарияланбаған екі өлеңін ұсынды. Бірінші өлең Ақтан Нұрбаевқа арналса, екіншісі Шығыстың табиғаты мен қасиетті жерлерін арқау етуі тиіс-тін. Облыс бойынша 31 жас ақын байқауда бақтарын сынады. Қазылар алқасының шешімі бойынша үшінші орынды С. Аманжолов атындағы ШҚМУ қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенті Естай Жаңабай және Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің студенті Қуаныш Еркінұлы бөліссе, 2 орынды халықаралық және республикалық байқаулардың жүлдегері, ШҚМУ журналистика мамандығының студенті Оразай Жеңісұлы иеленді. Бірінші орынды республикалық жыр сайыстарының жүлдегері, ШҚМУ магистранты Дәулетберді Жекей қанжығасына байлады. Сондай-ақ, арнаулы сыйлықтар аягөздік Жандос Тұрсын мен өскемендік Мұхтар Сержанға табысталды. «Алтайдың ақтаңгері Ақтан ақын» мүшәйрасына қатысқан барлық жеңімпаздарды құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз! А. Сейпутанова, Н. Чыншаева, Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image