18.04.2020 ШҚМУ-дың жас ғалымы 36 млн теңгенің грантын ұтып алды Математика кафедрасының доценті, PhD Досан Байгереевтің ғылыми жобасы жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру сайысында білім және ғылым министрлігінің 36 млн теңгелік грантын жеңіп алды. Жоба тақырыбы – «Сызықты емес көп фазалы фильтрация есептерін шешудің параллельді ақырлы элементті әдістерін құру және зерттеу». «Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар, жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер» бағыты бойынша мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама зерттеу жоспарының инновациялығы мен маңызын жоғары бағалады. Бұл жоба барлық сараптамалар мен ұлттық ғылыми кеңестің бағалаулары бойынша 167 жобаның арасында 2-орынға ие болды. Жоба үш жылға есептелген. Ғылыми зерттеу нәтижелерінің тұтынушылары – мұнай кен орындарын игерудің көрсеткіштерін болжау және тиімділігін бағалауға арналған бағдарламалық кешендерді құрушылар. Зерттеу нәтижелері есептеу математикасы мен параллель есептеулермен айналысатын мамандарға да пайдалы болады. Математика кафедрасы View the full image