Математика кафедрасының доценті, PhD Досан Байгереевтің ғылыми жобасы жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру сайысында білім және ғылым министрлігінің 36 млн теңгелік грантын жеңіп алды.
Жоба тақырыбы – «Сызықты емес көп фазалы фильтрация есептерін шешудің параллельді ақырлы элементті әдістерін құру және зерттеу».
«Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар, жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер» бағыты бойынша мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама зерттеу жоспарының инновациялығы мен маңызын жоғары бағалады. Бұл жоба барлық сараптамалар мен ұлттық ғылыми кеңестің бағалаулары бойынша 167 жобаның арасында 2-орынға ие болды.
Жоба үш жылға есептелген. Ғылыми зерттеу нәтижелерінің тұтынушылары – мұнай кен орындарын игерудің көрсеткіштерін болжау және тиімділігін бағалауға арналған бағдарламалық кешендерді құрушылар. Зерттеу нәтижелері есептеу математикасы мен параллель есептеулермен айналысатын мамандарға да пайдалы болады.
Математика кафедрасы