18.12.2019
ШҚМУ кәсіподағы жылды қорытындылады
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ оқытушылары мен қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті жыл қорытындысын шығарды. Биыл 207 адам жолдамамен демалды, балаларға 710 жаңажылдық сыйлық пен 127 шырша кешінің билеті берілді.
Шипажайларда, балалардың сауықтыру лагерлерінде 145 кәсіподақ мүшесі мен олардың балалары демалды. «Сібе» демалыс базасына 62 адам барды.
Жыңа жылға орай кәсіподақ мүшелеріне 710 тегін сыйлық және 3-7 жасар балаларға арналған облыстық драма театрындағы жаңажылдық ойын-сауық кешіне 127 билет берілді.
Жаңа жыл қарсаңында университет ректораты кәсіподақ комитетінің төрайымы Нұрбақыт Қасымқызы Аяғанованы туған күнімен құттықтап, зор денсаулық, табысты еңбек тіледі.
Баспасөз қызметі