29.09.2016
ШҚМУ №17 орта мектепті 30-жылдық мерейтойымен құттықтады
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ өкілдері М. Әуезов атындағы №17 орта мектеп ұжымын 30-жылдық мерейтойымен құттықтады.
Салтанатты шара бағдарламасында әріптестерінің құттықтаулары, сонымен қатар мектеп оқушылары дайындаған концерттік бағдарлама болды.
Мерекелі күні оқу ордасының қабырғалары мектеп оқушыларының салған суреттерімен, шығарған өлеңдерімен әсемделген.
Баспасөз қызметі