С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Университет күні аясында Шемонаиха ауданының 9-шы және 11-ші сынып оқушыларымен, олардың ата-аналарымен және мектеп директорларымен кездесті.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры И.В. Ровнякова, факультет декандары, Жоғары колледж директоры, студенттер бастаған топ Шемонаиха ауданының 9-шы және 11-ші сынып оқушыларымен, олардың ата-аналарымен және мектеп директорларымен кездесті.
Кездесуді білім беру бөлімінің орынбасары Альмира Тәкібаева ашты. Ол өзінің ШҚМУ түлегі екенін айтып, И. Ровняковаға сөз берді. Проректор университет мүмкіндіктерімен және жетістіктерімен таныстырды. Сөз соңында аудан мектеп түлектерінің – қазіргі ШҚМУ-дың белсенді, ғылым жолын қуған, сан қырынан танылған студенттерінің ата-аналарына алғыс хат табыстады.
Оқушылар мен ата-аналар сұрақтарына факультет декандары, колледж директоры жауап берді. Университет күніне келген оқушылар студенттер қойған шағын концертті тамашалады.
Кездесуге 235 оқушы қатысты.
Шемонаиха ауданының білім бөліміне алғыс білдіреміз!
Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы