09.12.2019 ШҚМУ студенттері «Тәуелсіз елдің жастары» байқауында жүлдеге ие болды С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Шабыт» студенттер театрының мүшелері облыстық «Алдаспан» газеті ұйымдастырған «Тәуелсіз елдің жастары» байқауында «Талантты ақын», «Жас журналист» аталымдары бойынша жүлдеге ие болды. Дефектология мамандығының 3 курс студенті Асан Әбен екінші, химия мамандығының 2 курс студенті Айбота Шанжың жас қаламгерлер ішінен суырылып шығып үшінші орын алды. Әдебиет әлемінен тыс салаларда білім алып жүрсе де шығармашылыққа бейім жастарға сәттілік тілейміз! «Шабыт» студенттер театры View the full image