09.12.2019
ШҚМУ студенттері «Тәуелсіз елдің жастары» байқауында жүлдеге ие болды
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Шабыт» студенттер театрының мүшелері облыстық «Алдаспан» газеті ұйымдастырған «Тәуелсіз елдің жастары» байқауында «Талантты ақын», «Жас журналист» аталымдары бойынша жүлдеге ие болды.
Дефектология мамандығының 3 курс студенті Асан Әбен екінші, химия мамандығының 2 курс студенті Айбота Шанжың жас қаламгерлер ішінен суырылып шығып үшінші орын алды.
Әдебиет әлемінен тыс салаларда білім алып жүрсе де шығармашылыққа бейім жастарға сәттілік тілейміз!
«Шабыт» студенттер театры