17.04.2020
ШҚМУ студенттері ZOOM платформасының құралдарын шебер қолдануда
Психология, педагогика және мәдениет факультетінің әдістемелік онкүндігі аясында ZOOM платформасы арқылы «Акробатикалық жаттығуларды орындаудың техникасы және үйретудің реттілігі» ашық онлайн-сабағы өтті.
Оны дене шынықтыру және спорт мамандығының 3-курс студенттерімен («Гимнастикадағы жетілдіру» пәні) дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Ә.М.Төлебаев өткізді.
Сабақта студенттер өздерінің презентацияларын, бейнематериалдарын көрсетті. Олар экран, экрандық тақта демонстрациясы сияқты ZOOM платформасы құралдарын сенімді қолданды.
Сабаққа кафедра мен факультет оқытушылары қатысты.
Баспасөз қызметі