Ток-шоу «Абай мұрасы – жастарға өнеге» тақырыбында болды. Бағдарламаның мақсаты ұлы ақын мұрасын зерделеумен қатар насихаттауға үлес қосып, ұлт мақтанышы Абай Құнанбайұлының зор тұлғасы мен мұрасын жастарға таныстыру.
Бағдарламаны журналист-студенттер Нұрболат Советханов пен Ләззат Қанатқызы жүргізді.
Ток-шоуға С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ректорының кеңесшісі, професссор С.Қ. Оразалин, қоғам қайраткері М.Ә. Мұхамеджанов, ШҚО қазақ драма театрының әдебиет бөлім меңгерушісі Ш.К.Лақаева, Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы мектеп гимназиясының мұғалімі, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ докторанты М.Қ.Мұқашова, С. Аманжолов атындағы Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы 4 курс студенті А.Қ.Шәріпжанова қатысты.
Бағдарламаны бүгін «Алтай» арнасынан сағат 18.50-де көре аласыздар.
Ток-шоудың толық нұсқасын «Алтай» арнасына шыққаннан кейін, сондай-ақ ШҚМУ сайтының әлеуметтік желілердегі сілтемелері арқылы көруге болады
Баспасөз қызметі