30.06.2020 Жаңа оқу жылында ШҚМУ-да жаңа бағдарламалар жүзеге асырылады ШҚМУ-да отандық және шетелдік университеттермен келісімшарт жасау арқылы, екі дипломдық, бірлескен білім беру бағдарламалары жүзеге асырылады. Ағымдағы оқу жылында ЖОО-да Алтай мемлекеттік университеті және Томск мемлекеттік университетімен (РФ) 6 бірлескен білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, әріптестік ғылыми бағыттар бойынша жүргізілуде. Алдағы уақытта алыс шетелдермен, соның ішінде Польшаның оқу орындарымен екі дипломдық білім беру бағдарламасын дамыту жоспары бар. 2020-2021 оқу жылында жаңа екі дипломдық бағдарламалар енгізу жоспарлануда: 7M04101 – Экономика (АлтГУ), 6В01703 - Шет тілі: екі шет тілі (Лингвистикалық-техникалық университет Свече қ. (Польша); 6М010602 – Информатика (Шауляй университеті, Литва) және т.б. Сонымен қатар, QS рейтингі бойынша ТОП-500 (700) енетін шетел ЖОО-ның студенттерін тарту жоспары да бар. Осылайша, білім беру бағдарламаларын заманауи тренд пен үздік тәжірибелерді ескере отырып іске асыру. Баспасөз қызметі View the full image View the full image