17.04.2020 ЖҒжТФ деканы қашықтық технологияларды қолдана отырып студенттердің сауалдарына жауап берді Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің деканы, т.ғ.к. М.Н. Мадияров ZOOM платформасы арқылы факультет студенттерімен онлайн-кездесу өткізді. Кездесуде студенттер қызықтыратын сұрақтарын қойып, толық жауап алды. Мұратқан Нәбенұлы қашықтан оқыту технологиясын қолдана отырып, оқу процесінің барысы, алдағы жазғы сессия, мемлекеттік қорытынды аттестаттау, академиялық қарыздар туралы әңгімелеп, студенттер сұрақтарына жауап берді. Декан академиялық топтардың эдвайзерлері мен кураторларына, топ старосталары мен студенттерге факультеттің және университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысқандары үшін ризалығын білдірді. Кездесу соңында алдағы айға арналған негізгі міндеттер тұжырымдалып, келесі онлайн кездесу күні аталды. Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image