Өскемендегі №34 мектеп-лицей базасында «Облыстағы білім беру ұйымдарында жаңартылған мазмұн бойынша «Өлкетану» біріктірілген курсын енгізудің өзекті мәселелері» облыстық семинар-практикумы өтті.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтары бойынша оқитын студенттер арасында дәстүрлі пәндік олимпиада өтті.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да облыстық білім басқармасының, Өскемен білім бөлімінің қолдауымен мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдары басшыларының «ХХІ ғасыр мектебі: басқарудағы инновациялық әдіс-тәсілдер» өңірлік конференциясы өтті.
29 наурызда «21 ғасыр мектебі: басқарудағы инновациялық әдіс-тәсілдер» өңірлік конференциясы аясында ШҚМУ педагогикалық мамандықтарының соңғы курс студенттері Алтай ауданы орта мектеп директорларымен кездесті.
Моңғолияның Баян-Өлгей қаласында «Қазақстанның білім күндері» көрмесі өтті. Еліміздің 20-ға жуық жоғары оқу орындарымен қатар С. Аманжолов атындағы ШҚМУ да көрмеге қатысып, өз білім беру бағдарламаларын қандастарға таныстырды.