15.04.2020 ЭжҚФ декан студенттермен онлайн-кездесу өткізді С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Экономика және құқық факультетінің деканы білім алушылармен онлайн-кездесу өткізді. Кездесуде студенттердің үлгерімі, қашықтан оқу кезіндегі олқылықтар айтылды. Декан оқу үрдісінің ары қарайғы ұйымдастырылуы, ТЖ кезіндегі ережелерді сақтау туралы жан-жақты түсіндірді. Студенттер алдағы аттестациялардың ерекшелігі, жазғы семестердің ұйымдастырылу формасы жөніндегі сауалдарына толыққанды жауап алды. Кездесу соңында келесі айға міндеттер белгіленіп, келесі кездесу күні анықталды. Экономика және құқық факультеті View the full image View the full image View the full image