15.04.2020
ЭжҚФ декан студенттермен онлайн-кездесу өткізді
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Экономика және құқық факультетінің деканы білім алушылармен онлайн-кездесу өткізді.
Кездесуде студенттердің үлгерімі, қашықтан оқу кезіндегі олқылықтар айтылды.
Декан оқу үрдісінің ары қарайғы ұйымдастырылуы, ТЖ кезіндегі ережелерді сақтау туралы жан-жақты түсіндірді.
Студенттер алдағы аттестациялардың ерекшелігі, жазғы семестердің ұйымдастырылу формасы жөніндегі сауалдарына толыққанды жауап алды.
Кездесу соңында келесі айға міндеттер белгіленіп, келесі кездесу күні анықталды.
Экономика және құқық факультеті