04.07.2019 Мемлекет тарихы институтының (Нұр-Сұлтан қ.) ғалымы Сирек кітаптар қорындағы басылымдармен танысты Ғылым комитетіне қарасты Мемлекет тарихы институтының Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму тарихы бөлімі жетекшісі (Нұр-Сұлтан қ.), тарих ғылымдарының докторы, профессор Әлима Ауанасова С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ғылыми кітапханасының Сирек кітаптар қорында ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізді. Ғалымның айтуынша сирек кітаптар мұрағатында ол «19-20 ғасырлардағы Семей облысының тарихы» кітабымен, 19-20 ғасырлардағы Түркістан тарихына байланысты материалдармен жұмыс істеген. Әлима Ауанасова кітапхана қызметкерлеріне, оның ішінде Гүлназ Шәйкенге қажетті әдебиетті іздеуге көмектескендері үшін ерекше алғыс айтты. Баспасөз қызметі View the full image View the full image View the full image