С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Зейнолла Самашевтың «Берел – қазақ Алтайындағы көне көшпенділер мәдениетінің тарихында», Әбдеш Төлеубаевтың «Ертесақ Шілікті мәдениеті» монографияларының тұсаукесері өтті.
Іс-шара Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының екі жылдығына арналды.
Археологтар студенттер мен оқытушыларға соңғы жылдардағы жаңа археологиялық зерттеулер мен жаңалықтар туралы айтты.
– Монография – облыс әкімі Д. Ахметовтің бастамасымен жүргізілген үшжылдық зерттеудің қорытындысы. Барлық қорғандар жаңа технологиялармен аршылуда, сондықтан 3 жылда біз Берелдегі 3 қорғанды зерттедік, меніңше ол туристер көп баратын орынға айналады. Келер ұрпақ та көне және ортағасырлық тарихты білуі тиіс. Жұмыстарымыздың нәтижесі әркез жастарға қолжетімді бола бермейді. Сондықтан бұл кітап оларға жаңалықтар туралы көп білуге көмектеспек. Терең сараптамалық зерттеулер сәл кейін жасалады. Бұл – зерттеудің басы ғана. Екінші кітапта Елеке сазы қорғандары туралы жазбақпын, ол студенттер мен оқытушылар үшін пайдалы болады, – деді З. Самашев.
– Шілікті алқабында ертесақ ескерткіштері көп шоғырланған. Біз 12-13 қорғанды қаздық, оның бірі – патша қорғаны. Сондай-ақ, Зайсан ауданында энеолит дәуірінің ескерткіштері табылды. Кітаптың бір тарауы Шіліктіден табылған «Алтын адамға», бір параграфы сақ-скиф және қазақ жерлеу ғұрыптарының ұқсастығына арналған. Шіліктіден алынған материалдар бірнеше кітапқа жетеді, – дейді Ә. Төлеубаев.
Ғалымның айтуынша, кітаптар барша ғылыми орталықтарға таралуы тиіс.
Облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпованың айтуынша, былтыр археологтар монографиялары мың данамен шығарылып, барлық аудандық кітапханаларға үлестірілген.
– Биыл кітаптар қайта шығарылып, қазақ, ағылшын тілдеріне аударылады және облыстық кітапханаларға беріледі. Сондай-ақ, археологиялық зерттеу жұмыстары жалғасады, – деді ол.
Фото https://cloud.mail.ru/public/49pa/2GFsAWV1v
Баспасөз қызметі